Жаңалықтар

CSI АҚШ-ң даму институттарымен бірлескен жобалардың келешегі туралы келіссөздер жүргізуде

2018 жылғы 6 сәуір

CSI басқарушы серіктесі Ернар Жаркешов АҚШ-ң Вашингтон қаласында Орталық Азия, Кавказ, ТМД елдері бойынша мамандандырылған АҚШ-ң бірқатар даму институттарымен және білім беру орталықтарымен бірлескен талдамалы жобаларды жүзеге асыру және тәжірибемен алмасу бойынша келіссөздер жүргізуде. Кездесулердің арасында Джонс Хопкинс Университетінің Халықаралық озық қатынастар мектебінің Орталық Азия және Кавказ жөніндегі институтымен, Джорджтаундық университетпен, Cтратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығымен келіссөздер жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ Грузияның, Әзірбайжанның, Арменияның, Қырғызстанның, Тәжікстанның және Түркменстанның бірқатар консалтингтік және талдамалы компанияларымен бірлескен нақты жобалар талқыланатын болады.

Ернар Жаркешов Дональд Рамсфелдің қорынан Орталық Азия, Кавказ, Моңғолия және Ауғанстан елдерінің көшбасшыларына арналған бағдарламаға іріктеп алынғанын еске салайық. Осы бағдарламаның аясында Е. Жаркешов жоғарыда аталған елдерден келген әріптестерімен бірге АҚШ Үкіметінде және Конгрессінде басқарушылық шешімдер қабылдау ерекшеліктерімен және жаһандық білім беру орталықтарының қызметімен танысады.