Жаңалықтар

CSI аға серіктестері Олжас Құдайбергенов және Дәрмен Садуақасов Қазақстан Премьер-Министрінің жанындағы экономика мәселелері бойынша Сараптамалық кеңесінің жұмысына қатысуда

Отырыс барысында монополияға қарсы реттеу жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

Талқылауға «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, Қазақстан Салық төлеушілер қауымдастығының басқарушы кеңесінің төрайымы Ж. Ертілесова, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж. Күлекеев, «Ракурс» экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры О. Жандосов, «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж. Ахметов, «Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Ү. Шаяхметова, «Қоғамдық мәселелерге талдау жасау орталығы» қоғамдық қорының директоры М. Махмұтова, «Астана» халықаралық ғылыми кешені» орталығының басшысы А. Боранбаев және т. б. қатысты.

 

Дереккөзге сілтеме