Жаңалықтар

СSI "Global Why Think Tanks Matter Forum 2018" атты конференциясына қатысты

Пенсильвания Университеті жанындағы Ақыл-ой орталықтары мен Азаматтық қоғамның халықаралық бағдарламасы (Think Tanks and Civil Society Program) жыл сайын Жетекші ақыл-ой орталықтарының жаһандық рейтингін Global Go To Think Tanks Index көрсететін әлемдік форум өткізеді.

Биыл жаһандық қозғалыс әлемнің 100-ден астам қаласында шамамен 200 ұйымды қамтыды, олар ақыл-ой орталықтарының тақырыбына арналған іс-шараларды бір мезгілде ұйымдастырды.

Бүгін Астанада Экономикалық зерттеулер институтының «Ақыл-орталықтарының Қазақстандағы рөлі» деген тақырыптағы конференциясы өтті, оған әлемдік ақыл-ой орталықтарының, зерттеу институттарының, консалтингтік компаниялардың, қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ бірқатар шетелдік ақыл-ой орталықтарының жетекшілері қатысты.

Стратегиялық бастамалар орталығы – СSI атқарушы директоры Ернар Жаркешов қазақстандық ақыл-ой орталықтарының қызметі туралы талдау-көрсетілімді көрсетіп, сөз сөйледі.


Ол бүгінгі таңда отандық ақыл-ой орталықтарының айтарлықтай дамымағанын және мойындалған халықаралық беделі жоқ екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Ернар Жаркешов әлемдік ақыл-ой орталықтарына шолу жасап, олардың артып келе жатқан абыройын және халықаралық күн тәртібіне деген әсерін Нarvard Kennedy School мысалға келтіріп сипаттады.

Қазіргі таңда саяси және қаржылық-экономикалық өрістегі аса күшті ойыншылар талдамалық және консалтингтік қолдау көрсетудің мүмкіндіктерін өте көп пайдаланады.

СSI атқарушы директоры ақыл-ой орталықтары мен консалтингтік компаниялар – бірдей құрылым емес, алайда олар бірдей дербес, себебі бұл компаниялар мен олардың клиенттері үшін мінсіз абырой мен ұзақ мерзімді әрі күшті серіктестіктің мәні аса зор екенін атап өтті.