Жаңалықтар

Астана қаласын дамытуды басқарудың біріктірілген жүйесін құрудың қажеттілігі туралы

2017 жылғы 7 шілде

 

«Қала ДНК-сы: Қауымдастық. Бизнес. Билік» тақырыбында Астанадағы алғашқы урбанистикалық форумның барысында халықаралық сарапшылар мен қала жоспарлау мамандары, даму институттары мен ірі жеке компаниялардың басшылары елорданың әкімдігімен бірге болашақтағы ірі мегаполис ретінде Астананы дамыту мәселелерін талқылады. Спикер болып сөз сөйлегендер: Ф.Мойзер, сәулетші, «Meuser Architekten BDA» бюросының басшысы, Р.Марини, урбанист, Gehl Architects директоры, Қ.Келімбетов, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы және басқалар.


CSI атқарушы директоры Ернар Жаркешов спикер ретінде сөз сөйлеп, Астананы үйлестіре дамыту және қаланы дамытуды басқарудың біріктірілген жүйесін құру мақсатында қалалық кіші жүйелердің көпшілігін сәйкестендірудің қажеттілігіне аса көңіл аударды.

«Астана қаласын және астаналық агломерацияны дамыту бір қатар құжаттармен, соның ішінде 2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасымен реттелетіні мәлім. Ұлттық, қалалық деңгейдегі, кәсіпорындар мен жеке жобалар деңгейіндегі бағдарламалардың бір қатары әрекет етеді. Түрлі деңгейдегі, ауқымдағы және жауапкершілік аймақтарындағы жобаларды іске асыруды басқарудың қолданыстағы жүйесі өз шегіне жетіп, тым бюрократиялық болып барады, қатысушылардың көпшілігін үйлестіру қажеттілігі туындап, бұл ретте бюджет қаражатының бөлінуіне негізсіз бәсекелестік пайда болады.

Жекелеген жобалар арасында ықтимал қарама-қайшылықтарды жою, қалалық бастамалармен қамтылмаған дамыту аймақтарын айқындау, төрт нысаналы топ – халық, бизнес, туристер мен мемлекет (қала әкімшілігі) мүдделерінде қаланы тұрақты дамыту үшін жағдайларды қалыптастыру мақсатында Астана қаласын және қала агломерациясын дамыту жобаларын іске асыруды басқару жүйесін әзірлеу маңызды. Яғни кешеңді тәсілдеме қажет. Осыған орай, елорда әкімдігі жұмысының үлгісін өзгерту қажет», - деп ескертті өз сөзінде Е.Жаркешов.    

Пікірталас соңында форумға қатысушылар осы форум Алматыдағы урбан форумға ұқсас қауымдастық, бизнес пен биліктің жыл сайынғы диалогтық алаңшасы болатынына үміт білдірді.